АИТВ/ЖИТС-ті кәсіптік жұқтырудың алдын алу
Қазалы аудандық ауруханасымен теміржол ауруханасының медициналық қызметкерлері арасында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Д.Қарымсақова, емдік-көмек бөлімінің меңгерушісі Ш.Өтегенованың қатысуымен әдістемелік көмек көрсетілді. Барлық медицина қызметкерлері арасында "АИТВ/ЖИТС-тің кәсіптік жұқтырудың алдын алу," "Байланыстан кейін алдын алу" және жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар бойынша семинар сабақ өткізілді. Семинар барысында АИТВ инфекциясының республика, облыс, аудандағы эпидемиологиялық ахуалымен қатар алдын алу, сақтану шаралары толығымен ақпараттандырылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/619-aitv-zhits-ti-k-siptik-zh-tyrudy-aldyn-alu#sigFreeId4c1f29ced1