Арал аудандық емханасында ЖИТС -тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен "АИТВ/ЖИТС—тің алдын алу шаралары" тақырыбында акушер гинекологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, медицина қызметкерлері арасында семинар сабақ өтті. Семинар барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, алдын алу сақтану шаралары, жұғу жолдары, кәсіптік жұқтырудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/615-sdfgstdgbfb#sigFreeIdf3368ab914