14 Маусым 2021
675

АИТВ және короновирустық инфекциясының алдын алу шаралары

Шиелі аудандық Жастар денсаулығы орталығы мамандары ауданаралық ауруханасының мамандарымен бірлесіп орталық Әбдіманап Шорабаев базарына қарасты «Әлтайыр» сауда үйінде тұрғындар арасында «Мен вакцина салдырамын» тақырыбында шара ұйымдастырылып, екпенің тиімділігі туралы ақпарат беріліп, салдыруға өтініш білдіргендерге «екпе» егілді. Сонымен қатар маусым айында жүргізіліп жатқан «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында АИТВ және коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына қарсы іс-қимыл жасауға, эпидемиямен күресте күш-жігерді біріктірудің, адамдардың қауіпті инфекция туралы хабардар болу деңгейін арттыруда, тұрғындарға дыбыстық күшеиткіш арқылы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы Шиелі филиалының маманы Т.Досаев, аудандық Жастар денсаулығы орталығының маманы Л.Аширова, түсіндірме берді. Сонымен қатар АИТВ инфекциясының республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

 

ЖИТС-тің алдын-алу және оған

қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың

Шиелі ауданындағы филиалының

эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев