19 Мамыр 2021
795

«ЖИТС-бүкіл адамзатқа төнген қауіп!» тақырыбында онлаин кездесу өткізілді.

«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен қала, аудандық СӨСҚ мамандары, арнайы орта оқу орындарының оқушыларының қатысуымен «ЖИТС-бүкіл адамзатқа төнген қауіп!» тақырыбында онлаин кездесу өткізілді. Кездесу барасында СӨСҚ маманы Жүсіпова Гүлімай ЖИСТ-тен қайтыс болғандарды еске алу аясында баяндама жасаса, ЖИТС орталығының маманы Н.Смағұлова АИТВ/ЖИТС инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары, республикадағы, облыстағы ахуалды айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.