19 Мамыр 2021
1469

Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық жоғарғы колледж С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде 16-мамыр ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы

 Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық жоғарғы колледж С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде 16-мамыр ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, жастар денсаулық орталығы мамандарымен онлаин кездесу  болды. Әр саланың мамандары  зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға сонымен қатар есірткі тұтынушылардың арасында кездесетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат берді. Кездесу барысында орталық мамандары оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.