18 Мамыр 2021
671

Шиелі аудандық мектептің оқушылары ақпараттандырылды

Шиелі аудандық мектептің оқушылары ақпараттандырылды

 

2021 жылдың мамыр айының 17-і күні Шиелі ауданы Алмалы елді мекеніндегі №181-ші орта мектебінде, жоғарғы сынып оқушыларының арасында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне байланысты «Одан артықпын» тақырыбында іс-шара өткізілді. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында, оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп аяжаны іс-шараның маңыздылығына тоқталып, білім АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру барысында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алу. жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы  мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

ЖИТС-тің алдын-алу және

оған қарсы күрес жөніндегі

 облыстық орталықтың Шиелі

ауданындағы филиалының маманы

 Т.Досаев