«Одан артықпын» тақырыбында мектеп, колледж жастары ақпараттандырылуда
Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы жоғарғы колледжінде, №12 орта мектепте «16-мамыр ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу» аясында «Одан артықпын» тақырыбында облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен онлаин кездесу болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбына халықтың, жұртшылықтың назарын аудару, жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мәлімет беру болып табылады. Сонымен қатар,облыстық СӨСҚО-ның маманы Б.Қарымсақова сөз сөйлеп оқушыларға ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу тақырыбында мағлұмат беріп өтті.
Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу
және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың
педагогы Смағұлова Нұргүл Бақытбекқызы
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/607-odan-arty-pyn-ta-yrybynda-mektep-kolledzh-zhastary-a-parattandyryluda#sigFreeIddf3381306b