АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық жұмыстар жалғасуда
Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күресу орталығының мәжіліс залында Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департамантіне қатысты мекемелердегі бастықтың медицина жөніндегі орынбасарлары және медицина қызметкерлерінің қатысуымен АИТВ-ның алдын алудағы қолданыстағы өзгертілген бұйрықтар бойынша және мекеме ішілік жұқтыру жағдайларын алдын алу мақсатында жұмыстық отырыс бетперде және әлеуметтік арақашықтық ережесі сақтала отырып ұйымдастырылды.
Отырыс барысында жалпы АИТВ, ЖИТС-тің әлемдегі, республикалық, облыстық індеттік ахуалы, оның ішінде пенитенциарлық мекемелердегі жайлары туралы ақпарат берілді. Осы мекемелерде АИТВ-ға тестілеу жұмыстарын жүргізуде орын алған кемшіліктер талқыланды. Оларды жою жолдары көрсетіліп, орындалуына нақты мерзімімен тапсырмалар берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/597-aitv-zhits-turaly-a-paratty-zh-mystar-zhal-asuda#sigFreeIdf35343aefd