АИТВ-инфекциясына жауапты медициналық қызметкерлерге арналған семинар-сабақ ұйымдастырылды.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың мәжіліс залында облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің госпитальды эпидемиологтары мен АИТВ-инфекциясына жауапты медициналық қызметкерлерге арналған семинар-сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында 2020 жылы, 2021 жылдың 3 айындағы Қазақстан республикасында, облысымызда АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы айтылды. Сонымен қатар, 2020 жылы АИТВ/ЖИТС бойынша жаңадан шыққан нормативтік құжаттармен, оның ішінде ҚР-ның халық денсаулығы және денсаулық сақтау Кодесі, ҚР ДСМ-нің №211 бұйрығы , №204 бұйрығы, №313 бұйрығы, №175 бұйрығы мен №97 клиникалық хаттамамен таныстырылып, жұмыс барысында толтырылатын құжаттар мен ЖИТС оралығына берілетін есептер бойынша толық мағұлмат берілді.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерішісі
Балықбаева С
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/594-aitv-infektsiyasyna-zhauapty-meditsinaly-yzmetkerlerge-arnal-an-seminar-saba-jymdastyryldy-2#sigFreeIdb5292c4a23