2021 жылдың 26-шы наурызында Қызылорда облыстық ЖИТС орталығы мен Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен 2020 жылы пенитенциарлық мекемелерде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, оның ішінде мекемеішілік жолмен таралудың алдын алу және 2021 жылы алға қойған мақсаттары тақырыбында бірлескен кеңес өткізілді.
Кеңеске ЗК169/1,ЗК169/4,ЗК169/5 мекемелерінің жауапты орынбасарлары мен медицина қызметкерлері және ЖИТС орталығының мамандары қатысты. Кеңес барысында ҚР-да пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ-ның індеттік ахуалы, таралу жолдары мен алдын алу шаралары, облыс көлемінде осы бағытта ҚАЖД-ті мен оған қарасты мекемелерде атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланып, 2021 жылыға нақты жоспарлар мен тапсырмалар берілді.
С.Балықбаева –эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/586-ylmysty-at-aru-zh-jesi-departamentimen-birlesken-is-sharalar#sigFreeId5ca2c56a23