Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірге жасалған жылдық жоспарға байланысты Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/4 мекемесінде облыстық ЖИТС-ке қарсы куресу және оның алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологы мен жеке құрамы және арнайы топ арасында бетперде және әлеуметтік арақашықтық ережесі сақтала отырып іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы жалпы эпидемиологиялық ахуалы, оның ішінде республика мен облыс аймағындағы пенитенциарлық мекемелер бойынша АИТВ-ның тіркелу жағдайы, АИТВ-ның жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, талқыланып, қанағаттанарлық жауаптар беріліп, қызу пікір таласта өткізілді.
Садуакасова А., дәрігер эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/585-oblysty-ylmysty-at-aru-zh-jesi-departamentine-arasty-zk-169-4-mekemesinde-tkizilgen-is-shara-2#sigFreeIdcb49a2c54f