Қазалы филиалы ЖИТС орталығы мәжіліс залында 2021 жылдың 17 наурызында филиал меңгерушісі П.Жолдыбаева, дәрігер эпидемиолог Р.Тлеумбетов, зертхана дәрігері А.Рахметова ұйымдастырумен «АИТВ инфекциясы бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілер» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға жауапты дәрігерлер, эпидемиологтар, бас мейірбикелер, орта буын қызметкерлері қатысты. Іс шара барысында АИТВ-ның жұғу жолдары және кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары, АИТВ –ға қан алу сақтау тасымалдау ережесі түсіндірілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/582-aitv-infektsiyasy-aldyn-alu-sharalary#sigFreeIdf7c417789f