Ы.Жахаев атындағы №244-ші орта мектепте АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында іс-шара ұйымдастырылды.Мектеп аяжаны Ұ.Тажимбетова іс-шараның маңыздылығына тоқталып, АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру және АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екені айтылды. Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы: Т.Досаев
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/580-shieli-audandy-mektep-o-ushylary-aitv-zhits-turaly-a-parattandyryldy#sigFreeId415a433a23