ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Арал аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері Г.Жумагулованың ұйымдастыруымен Арал аудандық денсаулық құрылымдық бөлімінің маманы М.Саимованың қатысуымен Арал аудандық индустриалды техникалық колледжінде кездесу ұйымдастырылды. АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың жұғу жолдары, алдын алу шаралары тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, сақтану шараларымен қатар жұғу жолдары, республикадағы, облыстағы эпидемиологиялық ахуал барысы айылды. Ақпараттық білім беру материалдарымен қатар қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Арал аудандық ПӘК кабинетінің
дәрігері Г.Жумагулова
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/578-aral-audandy-industrialdy-tekhnikaly-kolledzhinde-kezdesu-jymdastyryldy#sigFreeId72e4fbd748