Шиелі аудандық №252-ші орта мектебінде АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Мектеп аяжаны А.Бекмағанбетқызы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру және АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екені айтылды. Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталықтың
Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/572-shieli-audandy-mektep-o-ushylary-a-parattandyryldy#sigFreeId9dc8282e1c