04 Наурыз 2021
1264

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандарының қатысуымен короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шара ұйымдастырылды

 Қызылорда облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес мекемесінің мәжіліс залында орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаеваның ұйымдастыруымен короновирустық инфекцияның алдын алуда сақтық шаралары туралы дәрігерлердің, дәрігер-инфекционист, дәрігер эпидемиологтар, орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқу –жаттығу сабағы өткізілді. Семинар барысында короновирустық инфекцияның әлемдік, жақын мемлекеттер және Қазақстан республикасы, облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы, диагностикасы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары, алдын алу, қорғану шаралары бойынша мәліметтер жасалды. Короновирустық инфекцияларға сезікті науқас анықталғанда атқарылатын медицина қызметкерлерінің іс-қимылдары талқыланды.

Садвакасова А.Я.- Қызылорда облыстық ЖИТС орталығы