Қызылорда облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес мекемесінің мәжіліс залында 2021 жылдың 02 наурызында орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаеваның ұйымдастыруымен аса қауіпті инфекциялық ауруларды алдын алу шаралары туралы дәрігерлердің, дәрігер-инфекционист, дәрігер эпидемиологтар, орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу сабағы өткізілді. Семинар барысында дәрігерлер: А.Садвакасова, А.Балмаханова аса қауіпті инфекциялық аурулардың әлемдік, республика, облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы, диагностикасы, клиникасы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары бойынша презентация жасады, видеороликтер көрсетілді. Аса қауіпті инфекциялық ауруларға күдікті және олар туындаған кезінде шұғыл жоспарға сәйкес індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастыруға қойылатын бекеттердегі жауапты қызметкерлер тізімі, олардың функционалдық міндеттері белгіленіп, инфекцияға қарсы іс-қимылдар әрекеттері және қорғаныс киімдерін киіп-шешу бойынша жаттығу жүргізілді.
Садвакасова А.Я.- Қызылорда облыстық ЖИТС орталығы