26 Ақпан 2021
731

Жоғары колледж студенттерімен кездесу болып өтті

Салауатты өмір салты мәселесін анықтаудағы негізгі категория- «Денсаулық». «Денсаулық зор байлық, адам бақытының бастауы» дейді халқымыз. Қазіргі кезде жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі жұқпалы аурулардың оның ішінде АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың саны күн санап өсіп келеді. Осындай аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ инфекциясынан қорғану шараларын түсіндіру мақсатында қаладағы «Orda» жоғарғы колледжінде студенттер арасында ЖИТС орталығының педагог маманымен кездесу болды. Кездесу барысында түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды.

Смагулова Н., педагог