Қызылорда көпсалалы Ұлағат колледжінің 1-курс студенттерінің арасында ЖИТС орталығының маманымен кездесу болды. Кездесу барасында ЖИТС орталығының педагогы Н.Смағұлова АИТВ инфекциясының республикадағы, облыстағы ахуалы, оның жұғу жолдары мен сақтану шараларытолығымен түсіндіріліп, жастарды өз денсаулығын сақтауға, сонымен қатар түрлі аурулардың алдын алуға шақырды. Кездесу соңында ЖИТС жөнінде видеороликтер көрсетіп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Смагулова Н., педагог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/567-zhastar-men-zhas-spirimderge-aitv-zhits-turaly#sigFreeId94676559b5