25 Қараша 2020
805

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/4 мекемесінде өткізілген іс-шара.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/4 мекемесінде өткізілген іс-шара.

 

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні атап өтіледі. Бүл күні әлем АИТВ-мен өмір сүретін немесе одан зардап шеккен адамдарға қолдау білдіру және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді.

2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және пандемияның өмір мен өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулықтың теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. 2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбы болды.

Осыған байланысты 2020 жылдың 24 қарашасы күні Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/4 мекемесінде  облыстық ЖИТС-ке қарсы куресу және оның алдын алу орталығының эпидемиологиялық  және емдік бөлімдерінің мамандарымен жеке құрамы және арнайы топ арасында бетперде және әлеуметтік арақашықтық ережесі сақтала отырып Іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы жалпы эпидемиологиялық  ахуалы, оның ішінде республика мен облыс аймағындағы пенитенциарлық  мекемелер бойынша АИТВ/ЖИТС-тің тіркелу жайы, АИТВ-ның жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, талқыланып, қанағаттанарлық жауаптар беріліп, қызу пікір таласта өткізілді.

 

А.Садуакасова, дәрігер эпидемиолог