«Жаhандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік»
Шиелі индустриалды аграрлық колледжінің студенттері арасында, «Жаhандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні аясында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылу сөзін Индустриалды аграрлық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Дайрақұлов бастап, қонақтарды таныстырып, сәттілік тіледі. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына тоқталып, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Одан әрі СӨСҚҚ бөлімшесінің маманы Л.Аширова салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жайлы баяндама жасады. Қатысушыларға АИТВ/ЖИТС және нашақорлық тақырыбында үнпарақтар таратылды.
Т.Досаев, эпидемиолог көмекшісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/544-zhahandy-yntyma-tasty-orta-zhauapkershilik#sigFreeId57e793b0de