20 Қараша 2020
4167

Онлайн байқау қорытындысы жарияланды

Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Жаһандық ынтамақтастық- жалпы жауапкершілік» қашықтан сурет салу, эссе жазу, презентация немесе анимация жасау номинациялары бойынша ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мен қалалық білім бөлімінің бейіндік оқыту бөлімі бірлесіп қараша айының 17-18 аралығында мектеп оқушылары арасында онлайн байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

Оқушыларға  қауіпсіздік пен өмір үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

АИТВ инфекциясының отбасына, қоғамға  және мектепке тигізетін әсерін түсіндіру;

Оқушыларды қазіргі заманның адамгершілікке жат әдеттерінен сақтандыру;

Балалардың бойына коронавирус инфекциясынан қорғану үшін антисептиктерді пайдалану, бетпердемен жүру, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Баланың өзін-өзі шығармашылық жағынан көрсетуіне ықпал ету.

Байқау номинациялары мен қатысушылардың жас ерекшеліктері

Сурет салу номинациясы бойынша   9-10 жас аралығындағы оқушылар;

Эссе жазу номинациясы бойынша   11-13 жас аралығындағы оқушылар; 

Презентация  немесе  анимация  жасау номинациясы бойынша  14-16 жас  аралығындағы оқушылар болды. Барлығы 72 оқушы қатысты.

Қатысушылардың жұмыстары жас ерекшелігі бойынша бөлек бағаланды.

Қорытындысы бойынша оқушылар диплом алғыс хаттармен марапатталды.

 

ЖИТС орталығының дәрігер әдіскері Ж.Қыстаубаева