2020 жылдың қараша айының 19-ы күні Шиелі аудандық «Казпочта» торабында, қызметкерлерінің қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы күрес кампаниясы аясында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламалармен жоспарларға сәйкес ауданымызда іс-шаралар атқарылып жатқанын баяндап, аталмыш іс-шара соның бір көрінісі екенін айтты. Іс-шара соңында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар таратылып, қызметкерлердің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталықтың
Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі: Т.Досаев
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/538-azpochta-yzmetkerleri-aitv-zhits-turaly-a-parattandyryldy#sigFreeIdc6489af9d8