«Абайлаңыз! СПИД!» атты кездесу туралы
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының Сенім пунктінің дәрігер-эпидемиологы Айтмаганбетова Гульзейне Тасхожақызының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қараша айының 19-на жыныстық қатынас қызметкерлері арасында «Абайлаңыз СПИД-тен» атты кездесу ұйымдастырылды. АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары және бұл аталған ғасыр індеті АИТВ жұқпасының адамдардың жасына, жынысына, ұлтына, бай-кедейлігіне қарамайтын қатерлі де жұқпалы дерт екендігі, қазір жер шарындағы барлық мемлекеттерде осы қатерлі аурудың тіркеліп отырғандығы жөнінде баяндалды.
Республикадағы, Қызылорда облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильм көрсетіліп, жастар арасында осы мәселе жөнінде білімдерін жоғарлату мақсатында сауалнама жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар тарапынан жүргізуші маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған толық жауап алынды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары –буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/537-abajla-yz-spid-atty-kezdesu-turaly#sigFreeIddc7b8283ac
Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және
оған қарсы күрес жөніндегі орталығының
дәрігер-эпидемиологы Г.Айтмаганбетова