Халықтың осал тобы арасында «Салауатты өмір салтын ұстан» атты кездесу
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығында дәрігер-эпидемиолог Айтмаганбетова Гульзейне Тасхожақызы ағымдағы жылдың 18 қараша күні халықтың осал топ өкілдері (инъекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас бизнесі өкілдері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) арасында АИТВ-ның алдын алу жұмыстарын жүргізетін аутрич-қызметкерлердің қатысуымен семинар-сабақ өткізді. Семинарда АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы баяндалды, Республика, облыс көлемінде «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда халықтың осал топ өкілдері арасында АИТВ-ның алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған «Зияндылықты сейілту» бағдарламасының маңызы мен соңғы 10 ай ішіндегі республикадағы, Қызылорда облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильмдер көрсетілді.
Іс-шараға қатысушылар тарапынан жүргізуші маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойылып, толық жауап алынды. Қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары - буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Айтмаганбетова Г., дәрігер-эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/535-khaly-ty-osal-toby-arasynda-salauatty-mir-saltyn-stan-atty-kezdesu#sigFreeId567df261fb