19 Қараша 2020
973

АИТВ/ЖИТС

АИТВ/ЖИТС

 

Күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу шараларын насихаттау әсте бәсеңсіген емес. 2020 жылдың 16-24 қараша аралығында Республика және облыс көлемінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында  «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында науқан жүргізілуде .Соның бір айғағы ретінде ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы Қазалы филиалы мамандары  АИТВ/ЖИТС» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазалы аудандық ауруханасының, туберкулезге қарсы күрес бөлімшесі қызметкерлері арасында АИТВ/ЖИТС туралы толық мағлұмат берілді.  Мамандар қызметкерлердің АИТВ/ЖИТС жөніндегі сұрақтарына жауап беріп, АИТВ инфекциясының әлемде, республикада, облыстағы тіркелу жағдайы туралы мәлімет берілді.