19 Қараша 2020
1175

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында журналистер арасында «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында пресс-конференция өтті.

Пресс-конференцияның мақсаты мен міндеті: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, сақтану шараларын жастар мен жасөспірімдер, халық арасында кеңінен насихаттау. Салауатты өмір салтын насихаттау, АИТВ (ВИЧ) жұқтыруға кедергі келтіретін мінез құлық стереотипін қалыптастыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді. 1999 жылдан бастап 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы болып өзгертіліп, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні атап өтіледі. Бүл күні әлем АИТВ-мен өмір сүретін немесе одан зардап шеккен адамдарға қолдау білдіру және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді.

2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және пандемияның өмір мен өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулықтың теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Осыған байланысты 2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбы болды.

COVID-19 пандемияcы әрбір адам қауіпсіздікте болмайынша, ешкім де қауіпсіз бола алмайтындығын көрсетті. Егер біз бұл жолда жетістікке жетуді қаласақ, адамдарды назардан тыс қалдыруға болмайды. АИТВ және COVID-19 пандемиясын тоқтату үшін стигма мен дискриминацияны жою, адамдарды назарға алу және біздің жауап әрекетімізді адам құқықтары мен гендерлік бағдарланған тәсілдерге негіздеу қажет.

Бұл Кампания халықтың, әсіресе жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің АИТВ инфекцясы жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, халықты, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-мен өмір сүруші адамдар мен олардың жанұясына әлеуметтік қолдау көрсету стратегиясын күшейту, АИТВ жұқтырғандарға байланысты кемсіту, алалау, таңба басу сияқты келеңсіз әрекеттерге, гендерлік зорлық-зомбылыққа жол бермеу сияқты мақсатты көздейді.

Бұл күн халықтың, әсіресе жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің арасында АИТВ инфекциясының таралуын тежеу, АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру болып табылады.

Бүгінгі күні республика бойынша АИТВ жұқтырып тіркелгендер саны 39354 адамды құрап отыр. Қызылорда облысында АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері 177 адам тіркеліп отыр. Үстіміздегі жылдың 10 айында 15 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Оның 9-ы (60,0%) ер адам, 6-ы (40,0%) әйелдер. Жұғу жолдары бойынша 14-і (93,3%) жыныстық қатынас арқылы, 1-і (6,6%) ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер арасында тіркеліп отыр.

Бүгінде бұл індет медициналық мәселелер қатарынан шығып, экономикалық әлеуметтік проблемаға айналды. Қатерлі кеселге қарсы тұрі үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қолдап, оның таралуын шектеуге бір кісідей жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

 

 

А.Оразалиева баспасөз хатшысы