18 Қараша 2020
853

АИТВ/ЖИТС инфекциясына қарсы күрес шаралары жалғастырылуда  

 

Қызылорда қаласындағы Абылайхан атындағы колледжде психолог Э.А Ержанованың  ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» бойынша ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру   болып табылады. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары жайлы, сонымен қатар әр адамның денсаулығының жақсы болуы көп жағдайда өзіне байланысты болатындығын, кез-келген тұлға өмірінің егесі, ешкім де ол үшін өмір сүрмейтіндігін, сондықтан әркімнің өмірі өзінің таңдауы екені туралы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері арасында СӨСҚО-ның мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек стол өтті. ЖИТС орталығының маманы Н.Смағұлова АИТВ/ЖИТС жөнінде айтып өтсе, СӨСҚО-ның маманы  А.Алтаева    есірткінің, темекінің зияны туралы түсіндірді. Кездесу соңында АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

 

 

Н.Смағұлова, педагог