17 Қараша 2020
794

АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары

 2020 жылдың  16-24  қараша аралығында  Республика  және  облыс көлемінде  Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы   күрес  күні аясында  «Жаhандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік » тақырыбында  науқан  жүргізілуде. Науқанның басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату, стигма, кемсітушілікті жою, қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастық арқылы АИТВ-ға шалдыққан адамдарды  ақпаратпен, қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамтасыз  ету.

 

Науқан аясында облыс көлемінде эпидемиологиялық ережелер мен талаптарды сақтай отырып, әр түрлі форматта  іс-шаралар  ұйымдастырылуда. 

 

2020 жылдың 16-шы қарашасында  ЖШС «Интертич» клиникасынын медицина қызметкерлерімен  осы мекемеге қарасты тұрғындар арасында «АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары  және алдын алу шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

 

Бөлім меңгерушісі С.Балықбаева