16 Қараша 2020
1099

АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері

Қазіргі таңда АИТВ (ВИЧ) инфекциясының індеттік ахуалы республикада да облыста да күрделі күйде қалуда.  АИТВ жұқтырғандардың саны  өсу үрдісімен алғанда республикада 39062 болса, облыста 172-ге жетті. 14 жасқа дейінгі 3 балада анықталып отыр. Аталмыш  індет туғызған проблема тек медицина саласының ғана проблемасы емес, жаһандық проблемаға айналып, қоғамның барлық саласына өзінің кері әсерін тигізуде.  Соңғы жылдары  АИТВ жұқпасының жастар, әйелдер арасында көптеп тіркелуі дәрігерлер қауымын қатты алаңдатуда.  Осы індеттің алдын алу мақсатына Үкімет тарапынан қыруар қаржы жұмсалып жатқанымен осы күнге дейін алдын ала егетін вакцинаның, ағзаны  вирустан толық тазартатын дәр-дәрмектің табылмауы АИТВ-ның алдын алудағы шаралардың жетімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты осы індеттің маңыздылығын түсіндіру, оның алдын алу үшін салауатты өмір  салты дағдысын жастар санасына  сіңіру, жастар мен жасөспірімдердің АИТВ/ЖИТС жөніндегі ақпараттану деңгейін анықтау, қауіпті індетті жұқтырған адамдарға деген көзқарасын зерттеп білу, осы дерттің жастар арасында  таралуына жол бермеу мақсатында ZOOM бағдарламасы арқылы №140 орта мектепте, №233 және Ақмешіт колледжінде «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері  және оның алдын алу шаралары» тақырыбында оқушылар, мұғалімдер арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар әрі қарай оқу орындарында өз жалғасын таппақ.