10 Қараша 2020
1218

Жүкті әйелдердің арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында облыс орталығындағы бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің акушер-гинекологиялық бөлімінің меңгерушілері, акушеркалар және эпидемиологтар арасында семинар өткізілді. АИТВ инфекциясының ахуалы жылдан жылға күрделене түсуде. Қазақстан республикасы бойынша 2020 жылдың 9 айында 2447 жағдай, ал облыс бойынша 9 айда 10 адам тіркелді. Өсу үрдісімен алғанда республика бойынша 39062, облыста 172 адам тіркелген. Облыста тіркелген 10 жағдайдың 9-ы яғни 90 пайызы жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар болып отыр. 10 айда анықталған АИТВ инфекциясының жағдайы 5-і жүкті әйелдер арасында анықталып отыр. Облыста өсу үрдісімен алғанда 25 жүкті әйелден анықталған.

 

Семинардың мақсаты: жүкті әйелдердің регистры бойынша есепке алынган жүкті әйелдердің АИТВ инфекциясына тексерілу жұмыстары, сонымен қатар рецепиенттердің де тексерілу жағдайына байланысты жұмыстарды ретке келтіру болып отыр.

 

Семинар барысында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева "ҚР, облыста жүкті әйелдер арасында АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы, жүкті әйелдердің регисторы бойынша есепке алынған жүкті әйелдердің АИТВ инфекциясына тіркелу жағдайы", ИФА зертханасының дәрігер лаборанты А.Шегай "АИТВ инфекциясына қан тапсырған тұрғындарды КМИС бағдарламасына енгізу туралы", сонымен қатар дәрігер эпидемиолог О.Қайыр "Рецепиенттердің 9 айда АИТВ инфекциясына тексерілу жағдайы" туралы толық ақпараттар презентацияларымен ұсынып, талқылап, сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

 

С.Балықбаева эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі