"COVID-19 короновирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық шараларын күшейту және таралуының алдын алу мақсатында" ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығында оқыту-жаттығу семинары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында короновирусты инфекцияның әлемдегі, Қазақстан Республикасы, облыс аумағы бойынша эпидемиологиялық ахуалы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, короновирусты инфекциясының клиникасы, диагностикасы және емдеу шаралары, сонымен қатар осы инфекцияға күдікті немесе анықталған жағдайда жүргізілетін медицина қызметкерлерінің іс-қимылы, киетін қорғаныш киімдерінің киіп-шешу тәртібі бойынша жаттығу сабағы түсіндіріліп, көрсетілді. Ақпараттық танымдық материалдар таратылып, сұрақтарға толық жауап берілді.
А.Садуакасова, дәрігер эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/512-covid-19-aldyn-alu-sharalary#sigFreeId4c88e27cce