2020 жылдың қазан айының 19-ы күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, Шиелі кентіне қарасты ірі өнеркәсіп «Волковгеология»АҚ мекемесінде, «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында санитарлық талаптар мен ара қашықтықты сақтай отырып іс-шара өткізілді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің жалпы індеттік ахуалы жайлы ақпарат беріп, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, қызметкерлердің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталықтың
Шиелі ауданындағы филиалының
эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/509-aitv-zhits-ti-aldyn-alu#sigFreeId1443502e95