ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының емдік-көмек бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен «АИТВ-жұқтырғандарға көрсетілетін медициналық көмектің өзекті мәселелері. 3 компонентті тариф» тақырыбында семинар болып өтті. Ұйымдастырылған іс-шараға ЖИТС орталығына қарасты аудандардан Шиелі, Қазалы филиалы меңгерушілері, ПӘК кабинеті дәрігерлері, инфекционист, психолог, тері-венеролог мамандары қатысты. Мақсаты филиал меңгерушілері, ПӘК кабинеті дәрігерлері және басқа да медициналық мамандардың медициналық көмектің сапасына баға беру және бақылау жасау аспектілерін талқылау болып табылады. Сонымен қатар емдік-көмек бойынша 2020 жылдың 9 айы бойынша ем тиімділігінің нәтижелері талқыланып, 8 айлық аналитикалық ақпарат негізінде ұсыныстар жасалынды.
Утегенова Ш., емдік-көмек бөлімінің меңгерушісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/505-aitv-zh-tyr-andar-a-k-rsetiletin-meditsinaly-k-mekti-zekti-m-seleleri#sigFreeIde22934fed6