18 Қыркүйек 2020
1353

АИТВ/ЖИТС туралы медицина қызметкерлері ақпараттандырылды

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандары АИТВ инфекциясының ауруханаішілік және медицина қызметкерлерінің кәсіптік жұқтыруының   алдын алу, АИТВ-ға тұрғындарды тексеру тәртібі, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің, дискриминация және стигма мәселелері бойынша Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасына әдістемелік көмек көрсетіп, жауапты дәрігерлер мен  мейірбикелер арасында «АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, өзекті мәселелері. АИТВ-ға тестілеу ережесі, алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. 

 

Әдістемелік көмекпен Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы емханасымен, Ақай ауылдық емханасы, Төретам ауылдық ауруханасы мен емханасы қамтылды.

 

 Әдістемелік көмек пен семинардың негізгі мақсаты – АИТВЖИТС  инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша медицина қызметкерлерінің ақпараттану деңгейін арттыра отырып, АИТВ жұқтырғандарға сапалы медициналық көмек көрсету, тұрғындарды АИТВ-ға мақсатты тестілеуден өткізу, халық арасында аталмыш инфекцияның алдын алу шараларын пәрменді насихаттау болып  табылды.  

 

Аурухананың медициналық  қызметкерлері арасында  Қазақстандағы және облыстағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-ға тестілеу ережесі, тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңес беру, АИТВ/ЖИТС-тің клиникалық классификациясы, емдеу ерекшеліктері, байланыстан кейінгі алдын алу, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, дискриминация және стигма туралы  оқыту бағдарламасы жүзеге асырылды.

 

Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы  Қарымсақова Д.С.