18 Маусым 2020
1542

«Мен өмірді таңдаймын»

2020 жылдың маусым айының 16-ыкүні аудандық  Жастар денсаулығы орталығы мен Санитарлық эпидемологиялық қадағалау басқармасының мамандарымен бірлесіп Орталық сапаржайда  тұрғындар арасында «Мен өмірді таңдаймын»,  « Нашақорлық-қасірет кілті» тақырыбында іс-шара өткізіліп, тұрғындарға дыбыстық күшеиткіш арқылы түсіндірме оқылды.

АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ және Нашақорлықтың алдын алу мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі филиалының маманы Т.Досаев тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс шара соңында қатысушылар мен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, ақпараттық танымдық парақшалар таратылды.

ЖИТС-тің алдын-алу және оған

қарсы күрес жөніндегі облыстық

 орталықтың Шиелі ауданындағы

 филиалының эпидемиолог көмекшісіТ.Ж.Досаев