12 Наурыз 2020
1916

Білім беру саласында АИТВ-инфекциясының алдын алу

2020 жылдың 11 наурызында Қызылорда қаласы Қызылорда медицина колледжінде студенттер арасында АИТВ/ЖИТС-инфекциясы туралы жалпы ұғым, оның шығу тарихы, жұқтыру көзі, жұқпа жолдары, таралу ерекшеліктері, клиникасы, диагностикасы, антиретровирустық терапиясының қажеттілігі жайлы жан-жақты видеоролик, презентация көрсетіліп сақтану шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы және облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы осы індетпен өмір сурушілер жайлары айтылды. АИТВ-инфекциясын анықтаудағы антиретровирустық терапия тағайындаудағы соңғы жаңалықтар, тұрғындардың 90 пайызы өз статусын білуге тиістілігі қазіргі уақыт талабы туралы айтылды. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық негізде толық жауаптармен белсенді түрде талқыланып жүргізілді. Семинарға дейін және семинардан кейін сауалнама жүргізіліп, қате жауаптар бойынша түсіндірме жүргізілді.

 

А.Садуакас, эпидемиолог көмекшісі