Жастар мен жасөспірімдердің назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың Шиелі филиалы мамандарының ұйымдастыруымен Шиелі ауданы Бидайкөл ауылында №148 қазақ орта мектебінде 11 сынып оқушыларының арасында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді. Сондай ақ, шағын топтармен жұмыс жасалып, талдау сұрақтары арқылы АИТВ/ЖИТС жөнінде білім деңгейлері тексерілсе, әр түрлі ойындар арқылы АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша қосымша ақпараттар берілді.
Б.Парманкулов, эпидемиолог көмекшісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/459-zhastar-men-zhas-spirimder-arasynda-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-sharalary#sigFreeId63cb35b2ac