Ағымдағы жылдың 27-ші ақпан күні «Қазанғап» атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінде «Өз денсаулығың-өз қолыңда!» тақырыбында студенттер мен мұғалімдер арасында кездесу, сұрақ жауап кеші ұйымдастырылды.
АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру. Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор.
Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, «АИТВ/ВИЧ туралы» видеоролик көрсетілді, оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.
Дәрігер-эпидемиолог С. Сарсенбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/450-z-densauly-y-z-oly-da-ta-yrybynda-kezdesu#sigFreeId32e3d08c39