24 Ақпан 2020
1334

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларына байланысты жедел жәрдем стансасының қызметкерлері ақпараттандырылды

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен облыстық жедел жәрдем стансасында "АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары", "Экспресс тест" тақырыбтарында семинар сабақ ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты - медицина қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары дискриминация және стигма мәселелері жөнінде ақпарат бере отырып, АИТВ/ЖИТС жөнінде олардың білім деңгейлерін арттыру, аталмыш жұқпадан қорғану үшін өз денсаулықтарына жауапкершлікті арттыруға негізделіп отыр.
Сонымен қатар қазіргі уақытта экспресс-тестілеу немесе АИТВ-ға антидене бар жоқтығын жылдам анықтайтын әдіс бар екендігі сөз болды. Жылдам тестті іс-жүзінде көрсету мақсатында тестілеуде саусақтың терісін арнайы ине-тұтқамен ауыртпай теседі. Капиллярлық қан тамшысы тест-жолаққа ағызылады, 20 минут ішінде қорытындыны көрсетеді. Бірақ айта кететіні, экспресс тестіледің қорытындылары міндетті түрде ИФТ әдісі арқылы расталуы қажет. Семинар соңында сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

 

Исмаилова А.Т дәрігер тері-венеролог