24 Ақпан 2020
2287

Мектеп оқушыларына АИТВ инфекциясы туралы жалпы түсінік берілді

Шиелі кенті Ы.Алтынсарин атындағы №219-шы қазақ орта мектебінде, оқушылар мен мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу, жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастару мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының  Шиелі аудандық филиалының маманы Т.Досаев «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру барысында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау, сонымен қатар жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар «АИТВ/ЖИТС-деген не?, «АИТВ – қайдан шықты?, «Қандай жолдармен беріледі?» деген сұрақтарға тоқталып,  республикалық, облыстық, аудандық тіркеуге алынған аурулар жайлы ақпараттар бере отырып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Мәселен, кез-келген адам кейде шалыс басып жаман әдеттерге  беріледі, бірақ кез-келген жіберілген қателіктің орнын толтырмақ бар. Әрбір оқушы дер кезінде өз қателігін түзете алса, бұл дегеніміз жауаптылықты сезіну. Немесе маманға мүмкіндігінше тезірек жүгіне білу керектігі сөз болды. Мұғалімдердің, жоғарғы сынып оқушыларының АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында мектеп аяжаны А.Нұртаева, іс- шараның маңыздылығына тоқталып, білім саласындағы АИТВ/ЖИТС бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

 

ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы                                                                              

күрес жөніндегі облыстық орталықтың                           

Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев