ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, Шиелі кенті «Береке-Оңтүстік» ЖШС-да қызметкерлер арасында «АИТВ-ның бизнеске әсері» тақырыбында кездесу өткізілді.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің жалпы індеттік ахуалы жайлы ақпарат беріп, «Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индекісі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратты. Іс-шара соңында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, қызметкерлердің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/422-aitv-zhits-ti-bizneske-seri#sigFreeIdaf36b6bdb9