Шиелі ауданы Ш.Қодаманов елді мекеніндегі №158-ші орта мектебінде Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес Кампаниясын өткізу қарсаңында «Қоғамдастықтың маңызы бар» тақырында мұғалімдердің, жоғарғы сынып оқушыларының арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі филиалының маманы, оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу ұйымдастырып ауқымды іс шара өткізілді.
Іс-шараға мектеп директоры Сейдахметов Жандос өз пікірін білдіріп мұғалімдер мен оқушыларды белсенділікке шақырып, сәттілік тіледі. Мектеп аяжаны Әлия Аманбекқызы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, білім саласы бойынша АИТВ/ЖИТС барысында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылғы 10 қазандағы №654 бұйрығы негізінде «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы» аясында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алу мақсатында 5-ші қараша мен 5-ші желтоқсан аралығында облыста «Қоғамдастықтың маңызы » тақырыбымен Бүкіләлемдік АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы басталып, өтіпжатқанын айтты. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып,қойылған сұрақтарына жауап берді, видеоролик көрсетілді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталықтың
Шиеліауданындағы филиалының маманы: Т.Досаев
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/420-shieli-audanyndy-mektep-o-ushylary-aitv-zhits-zhajly-a-parattandyryldy#sigFreeId380b1f46df