Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді.
1999 жылдан бастап 1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес кампаниясы болып өзгертіліп, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар әртүрлі серіктестіктердің ат салысуымен Дүние жүзінің барлық елдерінде АИТВ/ЖИТС-ке қарсы әр түрлі алдын алу іс-шаралары өткізілуде.
Денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылғы 10 қазандағы №653 бұйрығы негізінде «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы» аясында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау мақсатында ауданымызда 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Қоғамдастықтың маңызы» тақырыбында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы өтуде. Кампания аясында облыстық ЖИТС орталығы Шиелі филиалы, аудандық денсаулық бөлімі, жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен Шиелі аудандық емханасында медицина қызметкерлері арасында акция болып өтті. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында баяндама жасалынып, ақпараттық материалдар таратылды. Медицина қызметкерлерінің ұйымдастырған концерттік бағдарламалары мен көріністері көрсетілді. Емдеу алдын алу мекемелерінің арасында санбюлетень сайысы өткізіліп, жеңімпаздар мен атсалысқан тұлғаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/419-shieli-audanynda-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-aktsiya-tti#sigFreeId6ee1d4219c