«Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы» аясында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау мақсатында ауданымызда 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Қоғамдастықтың маңызы» тақырыбында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы өтуде. Осы кампания аясында Арал аудандық №14 мектепте Жастар денсаулығы орталығының, психолог, валеолог мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары, жұғу жолдары мен сақтану шаралары түсіндірілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/418-deni-saudy-zhany-56265sau#sigFreeId4511a1c065