03 Желтоқсан 2019
2250

АИТВ/ЖИТС-пен бірге күресейік

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында жастар  назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты   өмір салтын насихаттау мақсатында  Қызылорда облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының маманының қатысуымен Қызылорда медицина колледжінде «АИТВ/ЖИТС-пен бірге күресейік» атты ашық сабақта кездесу өткізілді.

 

АИТВ/ЖИТС-тің шығу тарихы, әлемдегі, республика аумағы мен облыстағы аудандар кесімінде індеттік ахуалы, жұғу жолдары туралы баяндалды. Кездесу барысында видеороликтер, презентация, кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары, байланыстан кейінгі профилактика, жедел тест қою әдістері және нәтижелері көрнекі құралдарымен көрсетілді.

 

Студенттер арасында суреттен конкурс ұйымдастырылып жүлделі орындарға сыйлықтар беріліп марапатталды. АИТВ/ЖИТС мәселесі туралы білім деңгейлерін бағалау үшін сауалнама жүргізіліп, талқыланды. Монолог оқылып, түрлі сұрақ жауап рольдермен көріністер көрсетіліп, қызу пікір-таласпен қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

 

Барлығы 60 студент және 9 ұстаздар қатыстырылды.