ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Сарсенбаева Светлана Аумажитқызы, социологы Амитов Нұрлыбек ағымдағы жылдың 28 қараша күні «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері арасында «Өз денсаулығың-өз қолыңда!» тақырыбында кездесу, сұрақ жауап кешін ұйымдастырды.
АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы, атап айтқанда бұл аталған ғасыр індеті АИТВ/ЖИТС –бұл адамдардың жасына, жынысына, ұлтына, бай-кедейлігіне қарамайтын қатерлі де жұқпалы дерт екендігі және қазір жер шарындағы барлық мемлекетте осы қатерлі ауру тіркеліп отырғандығы жөнінде баяндалды.
Соңғы 10 ай ішіндегі республикадағы, Қызылорда облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильм көрсетілді.Іс-шараға қатысушылар маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/416-z-densauly-y-z-oly-da#sigFreeIdd999935734
Сарсенбаева С.А., дәрігер-эпидемиолог