28 Қараша 2019
2792

АИТВ-ның алдын алу шаралары

Жалағаш  ауданында   Кампания аясында   №31, №118  мектеп оқушылары арасында  семинар-тренинг және Таң ауылдық мектепте «Мен  АИТВ-ға  қарсымын »  тақырыбында сурет салудан сайыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ/ ЖИТС инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру.


Сондай-ақ, іс-шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Оқушыларға ақпараттық білім беру материалдарын таратылып,бейнероликтер көрсетілді. 

 

 А.Бекниязова, ПӘК кабинетінің дәрігері