Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Қызылорда қаласындағы №12 Ильяс Қабылов атындағы мектеп лицейі және № 23 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Қоғамдастықтың маңызы бар» ұранымен
«АИТВ/ЖИТС-тің Қазақстан Республикасындағы және облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары» туралы кездесу сұрақ жауап кеші болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ/ ЖИТС инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру.
Сондай-ақ, іс-шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Оқушыларға ақпараттық білім беру материалдарын таратылып,бейнероликтер көрсетілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/411-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-sharalary-zhal-asuda-3#sigFreeIdf3b3da78b2