Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына орай қараша айының 26-да ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы, облыстық жастар денсаулығы орталығы,
облыстық жастар ресурстық орталығы бірлесіп «Қауымдастықтың маңызы» ұранымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына орай көпшілік жастар акциясын ұйымдастырып өткізді.
Биылғы, Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясының тақырыбы «Қоғамдастықтың маңызы» деп белгіленді. Бұл кампанияның негізгі мақсаты- барлық серіктестерге халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде ЖИТС індетіне қарсы әрекет етуде қауымдастықтардың бірлесе атқарған жұмыстарының маңызды рөлін таныту.
Қазіргі таңда, осы кампания аясында барлық оқу орындары мен емдеу- профилактикалық мекемелерінде АИТВ-ның алдын алуды насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі өткізіліп отырған жастар акциясы да сол іс-шаралардың ең маңыздысы және бастысы болып табылады. Бұл акцияның негізгі мақсаты- жастарды АИТВ-ға қарсы тұратын күш жұмылдыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өмірлік дағдыларды белгілі бір мақсатқа жұмсауға, қоғам дамуының заңына сүйене отырып ұлттық келбеттің ерекшеліктерін сақтауға шақыру. Акция барысында
1) «Жыныстық жолдармен берілетін инфекциялардың алдын алу»;
2) «Ерте жүктіліктің алдын алу, контрацепция әдістері»;
3) «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу»;
4) «Темекінің зияны туралы»;
5) «Ішімдіктің зияны туралы» 5 тақырыпта
Денсаулық сабақтары мен Y-PEER еріктілердің «Қауіпсіздік бекеттері» интерактивті ойындар жүргізіледі. Жастар тарапынан ән шашу, флэш-моб беріліп, викторина ойындары ойнатылды.
Акция барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық және қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы мектеп оқушыларының арасында өткізілген сырттай сурет байқауының суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Сурет байқауының мақсаты: АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат беру, оқушыларды қазіргі заманның адамгершілікке жат әдеттерінен сақтандыру, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, АИТВ-ЖИТС-тің отбасына , қоғамға тигізетін әсерін түсіндіру.
Қатысқандар: 10 мектептен жас ерекшелігі бойынша 14-15 және 16-17 жас аралығындағы оқушылар, 33 жұмыс қатысты. Сырттай сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Жүлделі орынға ие болған оқушылар және олардың жетекшілері диплом, алғыс хат және сыйлықтармен қараша айының 26-да қорытынды акцияда марпатталды.
Акция соңында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай АИТВ –ның алдын алу шараларына жыл бойына және кампания барысында өзінің қомақты үлесін қосқан ұжымдар, жеке тұлғалар марапатталды.
26.11.2019ж
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/408-zhastar-aktsiyasy-jymdastyryldy#sigFreeId3052cc19eb